Арал теңізіндегі кеме жасау
Your browser doesn’t support HTML5
24 тамызда Түркіменстанда Арал теңізін құтқару қоры құрылтайшыларының 12-саммиті өтті. Халықаралық қорды 1993 жылы Орталық Азия елдерінің басшылары Қызылорда қаласында құрған. Қордың негізгі міндеті – Арал өңірінің табиғатын сақтау және қалпына келтіруге арналған жобаларды қаржыландыру.
Осы қор жұмысы бойынша Қазақстан «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының алғашқы сатысын жүзеге асырып, Аралдың бір бөлігі – Кіші Арал суын молайтты.
1951 жылы түсірілген видеода көктемгі балық аулау науқаны қарсаңында Арал қаласында жаңа кеме жасалып жатқаны, Арал өңірі балықшыларының теңізге шығып ау салғаны көрсетілген.
Видео кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған.