Соңы сотқа ұласқан аштық
Your browser doesn’t support HTML5
Маңғыстаудағы екі аптаға созылған Oil Construction Company мұнайшылары аштығы оларды жазалаумен аяқталды. Сот шешімімен жабылған Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді талап еткен мұнайшылар аштығы заңсыз деп танылды. Мұнайшылар кәсіподағының жетекшілері Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаев қылмыстық күдікке ілініп, екі айға қамалды. Аштық жариялаған мұнайшылардың 50-ден астамына 20 АЕК тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл кесілді.