Бүлікшілерді я қолдарын, я қолдамасын білмей абдыраған Назарбаев. Төңкеріс жасалғанын мәлімдеген бас редактор

Your browser doesn’t support HTML5

1991 жылы СССР президенті Михаил Горбачевті биліктен тайдырмақ болған Тамыз бүлігі кезінде Қазақстан билігі кімді қолдарын білмей, екі түрлі үндеу жасады. Қазақстан ресми баспасөзі бүлікшілердің үндеулерін жариялады. Қарағандылық газеттің бас редакторы "Бұл – төңкеріс!" деп бүлікті айыптады.