Азаттықта радио неге жабылды, формат неге өзгерді?

Your browser doesn’t support HTML5

Азаттық радиодан неге бас тартты, қазақ тілімен бірге неге орысша хабар таратты? Азаттық редакциясындағы латын жазуының қолданылуы, Қазақстандағы авторитаризм дәуірінде қысымға ұшыраған Азаттық радиосының жұмысы мен трансформациясы, биліктің қысымы – бұл туралы Азаттық радиосы Қазақ қызметінің бұрынғы директоры Едіге Мағауин айтып берді.

Едіге Мағауин Азаттық радиосында 1991-2014 жылдар аралығында қызмет атқарды. Ол қатардағы тілшіден редакция директоры дейінгі баспалдақтан өтті. 2008-2014 жылдар аралығында Азаттық радиосы Қазақ редакциясын басқарған Едіге Мағауинмен сұхбатты жүргізген – Азаттықтың Қазақ қызметінің қазіргі директоры Төреқұл Дооров.