Назарбаев: Қазақ республикасындағы барлық жойқын қару өз орнында тұруы керек

Your browser doesn’t support HTML5

1991 жылғы 17 желтоқсан – Қазақстанда тәуелсіздік туралы ең көп айтылған күн. Осы күні кешкісін АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер Алматыға сапарлап келген.

Ол тәуелсіз Қазақстанға сапарлаған алғашқы шетелдік лауазымды қонақ болды. Президент Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан әл-әзір бас тартпайтынын мәлімдейді. Осы күнгі басқа да саяси оқиғалар туралы "Азаттық радиосы – 70" подкасының кезекті эпизодынан толығырақ тыңдауға болады.