Қазақстанда әйелдер құқығы қаншалықты қорғалған?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда әйелдер құқығы қаншалықты қорғалған?

Қазақстанда соңғы бір айда көп балалы әйелдер наразылыққа шығып, тұрмысы төмен отбасылар мәселесі қоғамда ашық талқылана бастады. Әйелдер билікке азаматтық талап қойып, тұрмысына жәрдем беруді, құқықтарын сақтауды сұраған оқиғалар жиіледі. AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстандағы әйелдер құқығының қазіргі ахуалы талқыланды. Хабар сарапшысы – заңгер, құқық қорғаушы Айман Омарова болды.

Қазақстанның әр аймағында болып жатқан аналардың әлеуметтік талаптары қаншалықты заңды? Әйелдердің топтасып талап қоюына не түрткі болды? Қазақстанда әйелдер және отбасы істерімен айналысатын арнайы омбудсмен, парламентте комитет бола тұра бұл мәселелер биліктің өз ішінде неге талқыланбады? Әйелдердің жалпы азаматтық құқықтарының сақталуына не кепіл бола алады?

Бұл сұрақтарға заңгер, құқық қорғаушы Айман Омарова жауап берді.

Айман Омарова 2018 жылы наурыз айында АҚШ үкіметінің "Халықаралық батыл әйелдер" (International Women of Courage Awards) сыйлығын иеленген. Қазақстандағы #НеМолчи.KZ қозғалысын құрған заңгер елдегі әйел және бала құқығын қорғау бойынша көп істерімен танымал.