Ташкенттегі құпия метродан Армениядағы революцияға дейін
Шамамен 6 мың адам тұратын Хандыга қаласында (Cаха республикасы) жердің тоңы біркелкі ерімегендіктен топырақ шөгіп, салдарынан үйлер бұзылған. Бұзылған үйлерден бүтін баспана тұрғызу үшін жұмысшылар құрылыс материалдарын мұқият бөлшектеуге мәжбүр. Азаттық тілшісі Аммос Чаппл түсірген сурет. 2 ақпан 2018 жыл.
Оппозициялық саясаткер Михаил Саакашвили ұйымдастырған Киевтегі маршқа келген тұрғындардың бірі. Украина астанасында өткен шеруге мыңдаған адам қатысты. Олар ел президенті Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап етті. 12 ақпанда Украинаның қауіпсіздік күштері Саакашвилиді Киев әуежайынан ұстап, депортациялады. 18 ақпан 2018 жыл.
Минск қаласындағы парадқа қатысушы жас пионерлер. 8 ақпан 2018 жыл.
Еңбек кодексіндегі ережелерді өзгертуді талап еткен Тбилисидегі студенттер демонстрациясы. Бір күннен кейін құрылыс алаңында бір жұмысшы қайтыс болып, шерушілер өндіріс кезінде қаза тапқан немесе жараланған жұмысшыларды қолдап, олардың мәселесін көтерген. Грузия, 14 ақпан 2018 жыл.
Орал қаласындағы құсбегілер байқауына қатысқан бүркітші. 25 ақпан 2018 жыл.
Қысқы олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы эстафета жарысында жеңімпаз атанған Динара Әлімбекованың (Қазақстанда туған) Пхенчханнан Минск қаласына оралған сәті. 27 ақпан 2018 жыл
Пәкістанның Сват ауданында туып өскен Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Малала Юсуфзай Исламабадта елдің ресми билік өкілдерімен кездесті. 2012 жылы Талибан содырларының шабуылынан кейін Ұлыбританияға қоныс аударған Малала Пәкістанға сол оқиғадан соң бірінші рет 2018 жылы 29 наурызда оралды.
Беларусьтің Гомель ауданындағы өзен. 4 сәуір 2018 жыл.
Киевтегі Пасха мейрамы. 7 сәуір 2018 жыл.
Ереван тұрғындары бірінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде құрбан болған армяндарды еске алып жатқан сәт. 24 сәуір 2018 жыл.
1992-1993 жылғы Абхазиядағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың сүйектері Тбилисиге жеткізілді. Еске алу шарасына келгендердің бірі жылап жатыр. Тбилиси, 26 сәуір 2018 жыл.
Бакудегі Формула-1 жарысы. 29 сәуір 2018 жыл.
Маска киген мерген үкімет ғимаратының төбесінен Республика алаңында Никол Пашинянның жеңісін тойлап жатқан халықты бақылап отыр. Көктем айларында елдегі парламент сайлауында оппозиция жетекшісі Никол Пашинян жеңіске жетті. Желтоқсан айында оның "Менің қадамым" блогы сайлауда жеңіп, парламенттегі басым орынға ие болды. 8 мамыр 2018 жыл.
ДАИШ содырлары мойнына алған Кабулдағы екі терактіден кем дегенде 25 адам қаза тапты. Олардың қатарында Азаттықтың Ауған қызметінің екі журналисі мен өзге де ақпарат құралдарының бес қызметкері болды. Азаттықтың Прагадағы бас кеңсесінде тұрған еске алу тақтасы. 3 мамыр 2018 жыл.
10 мамырда Алматыдағы наразылық шарасында полиция азаматтарды ұстады. Қарсылық акциясына шыққандар саяси тұтқындарды босатуды талап етті.
Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алып жатыр. 13 мамыр 2018 жыл.
Соңғы қоңырау күні мектеп түлектеріне қарап тұрған оқушы. Бішкек, 25 мамыр 2018 жыл.
Футболдан әлем чемпионатында командаларын қолдап, айғайлап тұрған жанкүйерлер.
Грузияның Тушетия тауында мал жайып жүрген бақташы.
Украина теңізшілері Мариуполь маңында жаттығып жатқан сәт.
1995 жылы Босния-Герцеговинадағы Сребреница оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, жылап тұрған әйел. Сребреницадағы қырғын кезінде 8 мыңға жуық мұсылман өлген. 10 шілде 2018 жыл.
Ресейде ұсталған украиналық режиссер Олег Сенцов пен белсенді Александр Кольченконың суретін ұстаған азаматтар Киев орталығында акция ұйымдастырып, тұтқындарды босатуды талап еткен. Кольченко мен Сенцов 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алған соң ұсталған. Ресей соты 2015 жылы оларға "экстремизм" бойынша айып таққан. Олардың жақтастары істердің саяси астары барын айтады.
Жұлдызды түн. Қырғызстанның Нарын облысы. 18 шілде 2018 жыл.
Ташкент метросындағы станциялардың бірі. Ұзақ уақыт метроны суретке түсіруге тыйым салынды. Ташкенттің құпия метросы жайлы фотогалереяны көру үшін мына сілтемені басыңыз. 9 тамыз 2018 жыл.
Донецк маңындағы ауылдағы кітапхана. Украина, 11 тамыз 2018 жыл.
Минск қаласындағы үйлену тойында скрипка ойнап тұрған музыкант. 12 тамыз 2018 жыл.
Әзербайжан мұсылмандары Құрбан айт мейрамын атап өтіп жатқан сәт. 22 тамыз 2018 жыл.
Заславль елді мекенінде мерекелік шара кезінде телефонына қарап тұрған сарбаз. Беларусь, Минск. 26 тамыз 2018 жыл.
Ауғанстан орталығындағы Урузган проивинциясындағы көшпенді тайпа мал бағып жүр. 26 тамыз 2018 жыл.
Ұзату тойы алдында ұлттық киім киген дүнген қызы. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы дүнгендер тойынан фоторепортажды мына жерден көре аласыздар. 27 тамыз 2018 жыл
Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. 4 қыркүйек 2018 жыл.
Сараеводағы наразылық шарасы кезінде жараланған сарбаз. 1992-1995 жылғы соғыс ардегерлері мемлекеттен көбірек жеңілдік жасауды талап етті. 5 қыркүйек 2018 жыл.
"Сталиннің ажал жолы" деп аталатын, совет заманында аяғына дейін салынып бітпеген теміржол желісінің қалдығы. 1947-1953 жылдары ол жерде ГУЛАГ тұтқындары еңбек еткен.
1992-1993 жылдары Грузия мен өзін-өзі "тәуелсіз ел" деп жариялаған Абхазия арасындағы қақтығыс кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасы. Тбилиси, 27 қыркүйек 2018 жыл.
Чернобыль атом электр станциясының қазіргі жағдайы. 1 қараша 2018 жыл.
Киевтегі 102 метрлік "Туған жер" атты ескерткіш.
Минск қаласындағы Октябрь революциясын тойлау кезінде Владимир Лениннің портретін ұстаған адамдар. 7 қараша 2018 жыл.
Украинаның шығысындағы Луганск аймағында күзетіп тұрған украиналық сарбаз. 7 қараша 2018 жыл.
Керчь оқиғасынан кейін Киевтегі Ресей елшілігі алдында наразылық шарасы өтіп, наразы азаматтардың бірі елшіліктің көлігіне от қойған. Қараша айының соңында Ресей Керчь бұғазында 24 украиналық теңізші отырған екі кеме және бір буксирді ұстаған. Ресей теңізшілерді "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыппен екі айға қамаған. Батыс елдері Ресей әрекетін айыптады.
Ауғанстанның Герат қаласындағы 800 жылдық мешіт алдында кетіп бара жатқан адамдар. 10 желтоқсан 2018 жыл.