Экс-әкімнің енесі және тендер алған депутат. Назарбаев қорының құрылтайшысы кім?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 20-сыда халыққа үндеу жасап, коронавирус өршіген "қиын шақта елге көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдарды арнайы қорға қаражат салуға" шақырды. Назарбаев сөзінен кейін Birgemiz қоры құрылды. Азаттық зерттей келе бұл қордың құрылтайшылары - Назарбаев ел басқарып тұрғанда соның маңында жұмыс істеген шенеуніктер мен олардың бірінің енесі екенін анықтады.