Белсенді Болатбек Біләл полицейлердің үстінен арыз жазды
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр-Сұлтанда құқық қорғаушы, азаматтық белсенді Болатбек Біләлов 25 қараша күні өзін үйінен ұстап әкеткен полицейлердің үстінен арыз жазды. Айтуынша, сол күні бір топ әйелдің парламент ғимараты алдына жиналып, мәжіліс спикерінің атына хат тапсырған шарасына өзі де қатыспақ болған. Ол "мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған шаңырақтарға үкімет жөнді көңіл аудармай отыр" дейді.