"Баламды тастап келдім". ҰҚК Қытайдан қашқан екі қазақты ұстады
Your browser doesn’t support HTML5
"Қытайда көрген қысымды, шындықты айтуға келдік" деген екі этникалық қазақты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұстады. Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы қазанның 6-сы күні шекараны кесіп өткен. 14 қазанда өткен баспасөз мәслихатында екі азамат та Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрайтындарын айтты.