Қазақстанда вирус жұқтырғандар 3988 адамға жетті

Жедел жәрдем көлігінде отырған медицина қызметкерлері. Ақтөбе, 22 сәуір 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 4 мамыр сағат 12.20-да таратқан мәліметіне сәйкес, елде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 адам анықталған:

  • Алматы облысы - 1
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 9
  • Түркістан облысы - 6
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Шымкент қаласы - 1.

Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғандар 3988 адамға жетті. 1084 науқас жазылып, 27 адам қайтыс болды.