Дауға айналған коронавирус статистикасы. Есеп қалай жүргізіледі?
Your browser doesn’t support HTML5
Денсаулық сақтау министрі пневмония мен коронавирус есебін бірге жүргізетінін айтса да 1 тамызға дейін пневмония диагнозы қойылғандардың жалпы есепке қосылмайтынын мәлімдеді. Министр Алексей Цойдың сөзінше, жыл басынан бері пневмониямен ауырған 234 мың адамның нақты қаншасы вирустық түрімен ауырғанын айыру мүмкін емес. Сарапшылар бұл коронавирустың таралуы мен елдегі шынайы жағдайды жасыру деп санайды.