Жарықсыз қалған саяжай
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылдық округіне қарасты Черемушка саяжайы кооперативінің кей тұрғындары бірнеше жылдан бері электр қуатынан жиі-жиі ажырап қалатындарын айтады. Олар саяжай кооперативі басшысының ісіне разы емес. Ал саяжай кооперативі төрайымы "бұған тұрғындардың өздері кінәлі" екенін айтады.