Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 4 мамыр күні таңертеңгі сағат 9.20-да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 44 адамға көбейгенін хабарлады.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 6, Ақтөбе облысында - 7, Атырау облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында - 3, Шымкент қаласында - 1 және Қарағанды облысында - 4 науқас анықталған..
Қазіргі ресми ақпаратқа сай, індет тарағалы Қазақстанда барлығы 3964 адамға вирус жұққан. 1084 адам дерттен жазылған. 27 адам қайтыс болған.