Қазақстан 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізді. Содан бері теңге долларға шаққанда 7,5 мыңнан астам пайызға құнсызданды. Билік 1999, 2009 және 2014 жылдары теңгені үш рет ресми түрде девальвациялады. Ал 2015 жылы ұлттық валютаны "еркін айналымға жіберді". Осыдан кейін теңге долларға шаққанда 188-ден 255-ке дейін құнсызданды. 2020 жылғы 15 қарашадағы ресми бағам бойынша, бір доллардың құны – 430.52 теңге.