Нұрлан Ермекбаев: Отставкаға кету туралы шешім қабылдадым
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азаттыққа отставкаға кетуді ұйғарғанын айтты. Ермекбаев бұл шешімін Азаттыққа Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыстан 4 әскери қаза тауып, ондаған адам жараланғанын, бірнеше кісінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған баспасөз мәслихатынан кейін мәлімдеді.