"Демпартия" құрылтай орнына "митингіге" шықпақ
Your browser doesn’t support HTML5
Бірер күнде бірнеше жақтасы ұсталып, кейбірі қамауға алынған «Демпартия» бастамашыл тобы құрылтайға қатысты жоспарын күрт өзгертті. Сәрсенбі Алматыда өткен жиын кезінде бастамашыл топ жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай «қысым ушыққан тұста съезд өткізу қисынсыз» деп, 22 ақпандағы құрылтай болмайтынын мәлімдеді. Бастамашыл топ осы күні митингіге шықпақ.