Денис Теннің жеңіске жеткен сәттері

Денис Тен Сочи олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан сәт. Бұл ойындарда Тен қола медаль алды. Бұл - Қазақстанның Сочидегі жалғыз медалі. 14 ақпан 2014 жыл.

Денис Тен Сочи олимпиадасында әділқазылардың бағасын күтіп отырған сәт. 14 ақпан 2014 жыл. 

Денис Тен Сочи олимпиадасының медалін мойнына таққан сәт. 15 ақпан 2014 жыл. 

Денис Тен 2013 жылы Канадада өткен әлем чемпионатында күміс медаль алды. Әлемдік мамандар Теннің бұл жеңісін сенсация деп бағалады. 15 наурыз 2013 жыл. 

Денис Тен Канададағы әлем чемпионатында төрешілер бағасын естіген сәт. Жанында бапкері Фрэнк Кэролл отыр. 15 наурыз 2013 жыл. 

Тен Канададағы әлем чемпионатының тұғырында тұр. Алтынды канадалық Патрик Чан (ортада), қоланы испаниялық Хавьер Эрнандес иеленген. 

Денис Тен 2015 жылы Сеулде (Оңтүстік Корея) Азия, Америка, Австралия, Африка спортшылары қатысатын "Төрт құрлық чемпионатында" жеңіске жетті. Тен - бұл жарыста алтын алған алғашқы қазақстандық спортшы. 14 ақпан 2015 жыл. 

Денис Тен Сеулдегі жарыста. 14 ақпан 2015 жыл.

Денис Тен мәнерлеп сырғанауда қиын элементтерді орындайтын санаулы спортшылардың бірі болды. 

Денис Тен 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. 

Денис Тен 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарында чемпион атанды. 4 ақпан 2011 жыл. 

Денис Тен 2009 жылы Лос-Анжелесте өткен әлем чемпионатында 8-орын алып, алғаш рет әлемдік жарыста үздік ондыққа енді. Ол кезде спортшы 16 жаста еді. Денистің жанында бапкері Елена Буянова отыр. 26 наурыз 2009 жыл.

Денис Тен 2017 жылы Алматыда өткен қысқы Универсиадада алтын алды. 

Денис Тен Пхенчхандағы қысқы олимпиада ойындарында. 16 ақпан 2018 жыл.

Тен олимпиадада 27-орын алып, "бұл нәтижесін сәтсіздік" деп бағалады. Ол Пхенчхан олимпиадасына аяқ жарақатымен келгенін айтты. 

Денис Тен 2022 жылғы олимпиаданы өткізетін қаланы таңдаған жиында сөз сөйлеп тұр. Ол Алматы кандидатурасын таныстырған Қазақстан делегациясының құрамында болды. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2022 жылғы олимпиаданы өткізу құқығы Пекинге (Қытай) берілген. 31 шілде 2015 жыл. 

Денис Тен әлемдік Гран-при жарыстарында бірнеше мәрте жүлде алды. 

​Спортшы бірнеше жыл Мәскеуде және Лос-Анджелесте жаттыққан. Ресейлік Татьяна Тарасова және Елена Буянова, Николай Морозовтың қол астында жаттыққан. 

Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан олимпиадада және әлем чемпионатында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы болған. 

Денис Тен биыл күзде Мәскеуде өтетін әлемдік Гран-при жарысына қатысуы керек еді. ​