Мақтарал ауданындағы елді мекендерді су алды
Тұрғындардың айтуынша, 2 мамырға қараған түнде дабыл қағылып, ауылды су басатыны туралы айтылған. Көбі тек құжаттарын алып үлгерген. Тіпті дәрі-дәрмек ала алмай қалған адамдар да болған. Дабыл қағып жүріп, су басқан елді мекендер арасында төтенше жағдай департаментінің екі маманы қалып қалған. Мына суретте сол мамандардың бірін құтқарып жатқаны көрінеді.
Оқиға орнында әкімдік қызметкерлері, төтенше жағдай мамандары және әскерилер жұмыс істеп жатыр.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Мақтарал ауданындағы бірнеше ауыл: Жаңа тұрмыс, Жеңіс және Нұрлы жолдан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын хабарлады. 2 мамыр 2020 жыл.
Су басқан аумақ. Мақтарал ауданы, 2 мамыр 2020 жыл.
Тұрғындар Өзбекстан су басуды тоқтаттық деп айтқаннан кейін төтенше жағдайға дайын болмадық дейді.
Кейбір тұрғындар малдарын қорадағы малын босатып үлгергенін айтады.
Түндегі қарбалас.
Жеңіс ауылының тұрғындары және төтенше жағдай мамандары. Тұрғындардың айтуынша, Жеңіс ауылы маңына да су келген.
Бастапқыда эвакуацияланған тұрғындар көрші Мырзакент ауылындағы мектепке жайғастырылған. Алайда, 2 мамырда таңғы сағат бес-алты шамасында Мырзакентті де су алу қаупі төнген. Эвакуацияланған тұрғындар Атакент ауылына орналасқан. Суретте: Атакент ауылындағы мектепке орналастырылған тұрғындар. Мақтаарал ауданы, Түркістан облысы. 2 мамыр 2020 жыл.
2 мамырда таңертең Азаттық тілшісі су басу қаупі төнген ауылдарға барған кезде жолда әр жерде топтасып тұрған адамдарды көрді.
Мына отбасының жолда көлігі тоқтап қалғанға ұқсайды.
Су басқан аумақ.
Анадайда жүзіп бара жатқан жылқылар көрінеді.
Қырда қарап тұрған тұрғындар.
Су басу қаупі төнген ауылдардан қашып шыққан тұрғындар.
Су басқан ауылдар. 2 мамыр 2020 жыл.
Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, су алған бірнеше елді мекенде ондаған үй жарамсыз болып қалған.
Су астында қалған жолдар.
Ресми мәлімет бойынша, 3 мың гектар егістік алқабын су шайып кеткен.
Өліп жатқан мал.
Тұрғындардың көбі үйлерінен тек құжаттарын алып үлгерген.
Су басқан ауыл.
Жаңа тұрмыс ауылы. 2 мамыр 2020 жыл.