Қазақ футболына – 100 жыл
1913 жылы Семейде тұңғыш құрылған "Ярыш" ("Жарыс") футбол командасы. Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов (үшінші қатарда оңнан санағанда - екінші) жас кезінде команданың жартылай қорғаушысы болып ойнаған. (Сурет Семейдегі татар мәдени орталығынан алынды)
Семейде құрылған "Ярыш" футбол командасының белгісі, 1913 жыл. (Сурет Семейдегі татар мәдени орталығынан алынды).
1954 жылы құрылған Алматының «Қайрат» командасы 1954-1991 жылдары СССР чемпионатына қатысты. Ең биік көрсеткіші – жетінші орын (1986 жыл). (Сурет «Қайрат» командасының баспасөз қызметінен алынды)
Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы. Қазақстан 1992 жылдан 2002 жылға дейін Азия футбол конференциясында ойнады. Ал 2002 жылы сәуірдің 25-і күні УЕФА құрамына қабылданды. (Сурет ҚФФ ресми сайтынан алынды)
Қазақстан құрамасының капитандары болған Самат Сымақов (сол жақта) мен Нұрбол Жұмасқалиев (оң жақта). Сымақов ұлттық құрамада 59, Жұмасқалиев 54 ойын өткізген. (Сурет УЕФА-ның ресми сайтынан алынды)
2012 жылы Еуропа чемпионатына іріктеу кезінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Азовский (оң жақта) Түркия командасының капитаны Эмре Белозоглумен допқа таласып жатқан сәт. Қазақстан өз тарихындағы ең ірі есеппен осы Түркия құрамасынан ұтылған – 0:6. (Сурет ҚФФ сайтынан алынды)
Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Мирослав Беранек. (Сурет ҚФФ сайтынан алынды)
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы. (Сурет ҚФФ сайтынан алынды)
Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған эмблема. (Сурет ҚФФ сайтынан алынды)