Таудағы күз
Тауда әсіресе күз мезгілі өте әдемі.
Галина, 66 жаста: "Тауға келсем, демалып қаламын. Табиғатқа сүйсіну жаман ба? Біздің жақтың таулары өте әдемі, мұндай тау кез келген жерде жоқ. Өрлей беріңдер, неғұрлым биікке шықсаңдар соғұрлым ғажап көрінеді".
Кімасар сайы.
Виолетта: "Жұрт таудан қорықпасын, мәдениетті түрде қыдырсын, қоқыс тастамасын деймін. Биыл былтырғыдан да лас болып кетіпті".
Кімасар сайының жолы.
Гена: "Тауда өмірдің мәнін табасың. Тауға келсең, шабыттанып кетесің. Ал қалада салың суға кетіп жүресің. Тауға шыққан соң сергек боласың".
Владимир мен Валентина, 65 жаста: "Денсаулығымыз бар екенін көрсету үшін тауға сенбі сайын шығамыз. Диванда жатқанша осындай әдемілікті көріп, таудың таза ауасын жұтқанға не жетсін. Қаланың әбігер тірлігінен кейін жаның мен тәнің тынығып қалады. Шетелге барудың керегі де жоқ".
Таудың күзгі көрінісі.
Германиядан келген қонақтар.
Зарина, 24 жаста: "Мен үшін тау деген - фотография. Көлік жетпейтін жаққа шығуға тырысамын. Жақсы фото түсіру үшін қай тұсына болса да барамын".
Тауға шығатындар көбінесе арнайы бәтеңке киіп, таяқ ұстайды.
Алуа: "Тауға шығу деген кішігірім саяхат, өз-өзіңді жеңу ғой. Басқа әлемге, тым-тырыс таулар әлеміне, өз әлеміңе өтіп кетесің. Тып-тыныш. Алға! Тауға шығыңдар".
Тауда жалғыз-жарым жүргендер де кездеседі.
Гауһар, 47 жаста: "Тауға аптасына кемінде бір рет шығамын. Табиғатқа қарап, тынығып қаламын. Біздің тауларды жақсы көремін".
Таудың күзі.