"Қарардан жалған дерек таппадым". Құқық қорғаушы сыртқы істер министрін дебатқа шақырды
Your browser doesn’t support HTML5
"Қазақстан билігі адам құқығын өрескел бұзып жатқаны" жазылған Еуропарламент қарары аясындағы талқы әлі басылмай тұр. 13 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі резолюциядағы деректер "бұрмаланған әрі ескі" деп мәлімдеді. "Ар. Рух. Хақ" құқық қорғау ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина құжаттағы фактілерді сыртқы істер министрімен көпшілік көзінше талқылағысы келеді.