Сот "Нұр Отан" мен Назарбаевты сынаған белсенді Ильяшевтің бас бостандығын 3 жылға шектеді
Your browser doesn’t support HTML5
22 маусымда азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевтің соты аяқталды. Алматының Медеу аудандық №2 соты белсендінің бас бостандығын 3 жылға шектеді. 5 жыл қоғамдық жұмыспен және партия ісімен айналысуға тыйым салды. Ильяшевтің өзі қылмыстық іс саяси тапсырыс деп атап, айыбын мойындамады. 2 ай қамауда отырған белсенді бүгін үйіне оралады.