Иранда тұратын жиырма шақты қазақ Шыңғыс хан заманы туралы баяндайтын көп сериялы фильмге түсіп жатыр.
Шыңғыс хан сарбаздарының рөлін сомдап жүрген этникалық қазақтар.
"Іріктеу болған кезде бізді ең алдымен атқа мінгізіп, шапқылатып көрді. Бұрын атқа мінбесек те, бірден отырып кеттік. Қазір ат үстіндегі ойындардың бәрін меңгеріп алдық" дейді ирандық қазақ жігіттері.
Киноға түсіп жатқан ирандық қазақтардың арнайы оқыған кино саласындағы мамандығы жоқ.
Жігіттердің ішінде "Шыңғыс хан жаулап алған жерге қалдырып кеткен әскербасы рөлін ойнап жүргендері" де бар.
Қазақ жігіттері «арнайы біліміміз жоқ болғанымен өзіміздің кім екенімізді танытып жүрміз» дейді.
Ирандағы қазақтар түскен алғашқы картина режиссері Парвиз Кимьявидің 1973 экранға шыққан «Моңғолдар» фильмі болған еді.