"Сирек жағдай". Сотталған журналист Батырбеков қамаудан босады
Your browser doesn’t support HTML5
Журналист Амангелді Батырбеков ақталып, сот залынан босап шықты. Ол былтыр күзде қылмыстық кодекстің “жала жабу” және “қорлау” баптары негізінде екі жыл үш айға сотталған еді. Содан бері төрт айға жуық абақтыда отырған журналистен судья бүгін көп алдында кешірім сұрады.