Эвакуация, өлген мал, суда жүзген жылқы. Мақтарал ауданындағы су басқан ауылдар
3 мамырда күндіз Өргебас ауылына барған Азатық тілшісі ауылдағы үйлерді толық су басқанын, кейбір тұрғындардың көшеде қайықпен жүргенін көрді. 3 мамыр Өргебас ауылы.
Кейбір үйлердің қабырғалары, қора-жайлардың шатыры құлаған. Өргебас ауылы, 3 мамыр 2020 жыл.
Кейбір адамдар жартылай шешініп, суды кешіп жүр. Өргебас ауылы, 3 мамыр 2020 жыл.
Әр жерде шөп-шалам, тұрмыстық қалдықтар су бетінде қалқып жүр.
3 мамырда Түркістан облысы әкімдігі Мақтарал ауданындағы төрт елді мекенде 620 үй бүлінді деп хабарлады. Жаңа тұрмыс ауылы, 2 мамыр 2020 жыл.
Ауыл маңын да толық су басқан. 2 мамыр 2020 жыл.
Жол да жүруге жарамсыз.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, 3 мың гектар егістік жерді су шайып кеткен. Билік диқандардың шығынын өтеуге көмектесетінін айтты. 2 мамыр 2020 жыл.
Су басқан ауылдарда өлген малдар да кездеседі.
Су басқан ауылдардың бірі. 2 мамыр 2020 жыл.
1 мамыр күні Өзбекстанның Сардоба су қоймасында бөгет жарылып, айналасындағы елді мекендерді су басқан. Түстен кейін су Қазақстанның Мақтарал ауданына жеткен. 3 мамырда Қазақстан және Өзбекстан басшылары Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылу мәселесін талқылады.
Су астында техника да қалған.
Анадайда жылқылар жүзіп жүр.
Су басқан ауылдардың бірі.