Сағадиев: Орамал тағатын қыздар үшін мектеп ашу дұрыс емес
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Азаттыққа "орамал дауына" қатысты пікір білдірді. Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жүздеген ата-ана Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы қаңтардың 14-і күні шыққан №26 бұйрығының 13-тармағын Қазақстан Конституциясына және халықаралық келісім-шарттарға қайшы деп тануды талап етіп, сотқа шағымданып келеді. Әзірге ешқандай арыз қанағаттандырылған жоқ.