Көп балалы әйелдер наразылығы күшейген жыл
Your browser doesn’t support HTML5
2019 жылы ақпан айында астанада жер үйде болған өрттен бір отбасының бес қызы мерт болды. Осыдан кейін қоғамда көп балалы әйелдердің наразылық акциясы көбейіп, тұрғын үй мәселесін, жәрдемақыны көбейтуді талап еткен болатын. Кейінірек билік бірқатар жеңілдік жасап, әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін қайта қарауға мәжбүр болды. Азаттық бір жыл ішінде болған аналар наразылығына шолу жасап көрді.