"Азғындар, опасыздар, қой терісін жамылған қасқырлар". Қазақстанда совет тұсында және кейін Азаттық радиосын қалай даттады?

Жұмабек Ақбергеновтің Азаттық радиосы туралы жазған "Опасыздар оңбайды" мақаласы. "Қазақ әдебиеті" газеті, 21 мамыр, 1976 жыл

Азаттық радиосы туралы ТАСС саяси шолушысы С.Кулик жазған "Әуе толқынындағы өсек" (Ложь в эфире) мақаласы. "Казахстанская правда" газеті, 6 қаңтар, 1983 жыл

Азаттық радиосы туралы ТАСС саяси шолушысы С.Кулик жазған "Әуе толқынындағы өсек" мақаласының қазақша нұсқасы. "Социалистік Қазақстан" газеті, 9 қаңтар, 1983 жыл

Азаттық радиосы жайлы Сағымбай Қозыбаев орысша жазған "Оборотни" (Шибөрілер) тізбекті мақаласының басы. "Казахстанская правда" газеті, 18 желтоқсан, 1983 жыл

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін Сағымбай Қозыбаев Азаттық радиосы туралы жазған "Эфирдегі іріткі" атты мақала. "Лениншіл жас" газеті, 14 тамыз, 1987 жыл

Азаттық радиосы туралы совет пропагандасы сарынында жасалған карикатура. "Қазақ әдебиеті" газеті, 1984 жыл

Азаттық радиосы туралы Әбіраш Жәмішевтің "Шындықты тот баспайды"  атты мақаласы."Социалистік Қазақстан" газеті, 14 маусым, 1985 жыл

Азаттық радиосының қызметкері туралы Ш. Жолболсынның "Сатқынның сиқы"  атты мақаласы

Михаил Горбачевтың билігі тұсында совет баспасөзінде Азат Еуропа/Азаттық радиосы туралы орыс тілінде жарияланған мақалалардың жинағы

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін советтік баспасөзде жарияланған "Лениндік ұлт саясатын бұрмалауға жол берілмейді" атты мақаланың авторлары Т. Мұстафин, Р. Әбсаттаров коммунистік саясатты әшкерелеген Азаттық радиосының өзін мінейді. "Социалистік Қазақстан" газеті, 8 желтоқсан, 1987 жыл

"Казахстанская правда" газеті 1989 жылғы 14 қазанда Азаттық радиосы туралы жариялаған "Словно реликты "холодной войны" ("Қырғи-қабақ соғыстың" сарқыншағы іспетті") мақаласының көшірмесі

Совет одағы ыдыраған соң Қазақстанда жергілікті баспасөз Азаттық радиосының материалдарын мазмұндап жариялайтын болды. Қазақстан газеттерінде "Әуе толқынында – әлем тынысы", "Шетелдік радиолар не дейді?" деген айдарлар пайда болды.

1991 жылғы 16 қазанда орыс тілінде шығатын "Огни Алатау" газетінде "Баспасөз еркін болуы керек" деген тақырыппен Қазақ ССР бұқаралық ақпарат және баспасөз министрі Қуаныш Сұлтановтың сұхбаты жарияланды. Онда министр "Мюнхеннен қазақ тілінде хабар тарататын Азаттық радиосының жаңалықтары біздің телеарналарда 3-4 күн кешігіп беріледі" деген.

1999 жылы қаңтарда Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткеннен кейін Азаттық радиосы туралы Керім Елемес жазған "Қой терісін жамылған қасқыр" деп аталатын мақала. 29 қаңтар, 1999 жыл

Азаттық радиосы туралы Керім Елемес жазған "Қой терісін жамылған қасқыр" деп аталатын мақала. "Қазақ әдебиеті" газеті, 29 қаңтар, 1999 жыл

Совет өкіметі қанша құдіретті болғанымен, пропагандасы ондаған жыл бойы тынбай жұмыс істегенімен өз халқының Батыс радиоларын, соның ішінде Азаттық радиосын да тыңдауын тоқтата алмады. Азаттықты қаралау Совет одағы тараған соң тоқтағандай болған, бірақ авторитаризм күшейгенде қайта қылаң берді. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың сирек қорындағы Хасен Оралтайдың жеке қорында сақталған суреттерді ұсынамыз.