"Нұр Отан" съезі күні полиция ондаған азаматты ұстады
Ақпанның 27-сі күні таңертең Алматыдағы "Нұр Отан" ғимараты алдына ондаған адам жиналды.
Азаттық тілшілерінің оқиға орнынан хабарлауынша, азаматтардың көбі биліктің ауысуын талап еткен.
Кейбірі әлеуметтік жағдайының қиындығын айтып, биліктен көмек сұраған. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
Билік партиясы кеңсесінен шыққан адам өзін "жергілікті партия ұйымының жетекшісімін" деп таныстырып, талаптарын ғимаратқа кіріп айтуды ұсынды.
Кеңсеге кіруден бас тартқан азаматтардың кейбірі "Назарбаев кетсін!" деп айғайлады.
Көп кешікпей полиция қызметкерлері мен беттерін жауып алған арнайы жасақ өкілдері кеңсе алдында тұрған азаматтарды ұстай бастады.
Орган өкілдері ұстаған тұрғындардың бірі тұншығуға аз қалды. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
Арнайы жасақ сарбаздары "Нұр Отан" кеңсесі алдында тұрған жастардың бірін ұстап жатыр.
Полиция кейбір азаматтарды көлікке күшпен жеткізді.
"Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция өкілдері жауап бермеді.
Полиция азаматтарды көліктеріне апара жатыр.
Әзірге полицияның қанша адамды ұстағаны туралы ақпарат жоқ.
Партия кеңсесі маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар оқиғаны бақылап тұр.
Арнайы жасақ сарбаздары кейбір азаматтардың қол-аяғын жерге тигізбей көтеріп алып кетті.
Полиция қызметкерлері ұсталғандардың бірін көлікке апара жатыр.
Азаматтардың бірі арнайы жасақ сарбаздарынан өзін не үшін ұстап жатқанын сұрап жатыр.
Полиция "Нұр Отан" кеңсесі алдында саяси талап көтерген азаматтардың бірін ұстап жатыр.