Болмаған митингі: Жылаған бала, протез аяқ және қолшатыр

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның бірнеше қаласында болмай қалған наразылық шарасы алдында ондаған адамды полиция ұстады. Ұсталған бірнеше азамат «Қытай экспансиясына қарсымыз» деп ұрандады. Саяси тұтқындарды азат етуді талап еткендер де болды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда ұсталғандар саны 60-қа жуықтады. Қазақстанда қыркүйектің басынан бері елдегі Қытай жобаларына қарсы өзге де жиындар болған.