Митинг қарсаңында Нұр-Сұлтанда белсенділер қамалып жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда оппозициялық топтардың халықты 6 шілде күні митингіге шақырған тұста полиция бұған дейін түрлі наразылық акцияларына қатысып танылған белсенділерді ұстай бастады. Олардың бірін желідегі жазбасына, тағы бірнешеуін екі апта бұрын өткен акцияға байланысты соттап, 15-20 күнге қамаған.