"Демпартия" Ақордадан халықтың несиесін кешіруді талап етті

Your browser doesn’t support HTML5

"Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына жазылған "жүз мың адамның арызын" оның әкімшілігіне апарып тапсырды. Биліктен халық несиесін кешіруді талап еткен белсенділер әуелде Ақордаға баруды жоспарлаған, бірақ жолын арнайы жасақ бөгеді. Ал экономистің сөзінше, үкімет белсенділер талабын орындай алмайды.