Қымбатқа түскен астана
Your browser doesn’t support HTML5
1997 жылы желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның жаңа астанасы болып бекітіліп, кейін оның атауы "Астана" деп өзгерді. Бұл идеяны Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Ол астананы ауыстыру идеясын "саяси тұрғыдан дұрыс қабылданған шешім" деп атады. Содан бері Қазақстанның басқа өңірлері бар тапқанын астанаға құйып келеді. Ел аумағының үлкен екенін ескерсек, бас қалаға ақша судай ағылғанын түсіну қиын емес.