Астана мерекесіне арналған қаржыны Арысқа бұру керек пе?
Your browser doesn’t support HTML5
Әлеуметтік желілерде «Нұр-Сұлтанның туған күніне бөлінген қаражатты Арысқа беру керек» деп ұсыныс айтып жатқан қолданушылар бар. Мұндай ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter парақшасында тікелей жазғандар да бар. Азаттық тілшілері осыған байланысты мәжіліс депутаттарының ой-пікірін біліп көрді.