Батпақ жол, тар көше, қараңғы шам. Өскемен "дачасындағы" сұрқай өмір

Your browser doesn’t support HTML5

Өскемендегі жаздық бау-бақша серіктестіктерін, яғни саяжайларды 14 мың адам қыстап шығады. Бірақ заң бойынша, саяжай аумағы жыл бойы мекендеуге арналмағандықтан, инфрақұрылым жүргізуге бюджеттен арнайы қаражат бөлінбейді. Халық жол, жарық сынды өзекті мәселелердің зардабын тартуға мәжбүр.