Автотұрақ жері үшін тартыс

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда сот орындаушылары Бостандық ауданы аумағындағы автотұрақ жеріне қатысты бес жыл бұрын шыққан сот шешімін орындата алмай жүр. Тұрғындар ұзақ уақыт пайдаланып келген автотұрақ жерін көпқабатты үй салуға беруді ұйғарған жергілікті билік жоспарымен келіспейді. Автотұрақты сүруге келген арнайы техника бұл жолы да түк бітірмей қайтты.