Баласын қыдырту үшін мешіт алдында садақа жинаған ана
Your browser doesn’t support HTML5
Петропавлдық Марина Козловская 8 жасар қызын қыдырту үшін мешіт алдында садақа жинайды. Еден жуып, ақша табатын ана "табысым күн көріске жетпейді" дейді. Тұрып жатқан үйінде тұрақты тіркеуі болмағандықтан жағдайы төмен отбасы ретінде әлеуметтік көмек те ала алмайтынын айтады. Солтүстік Қазақстан облысында 18 жасқа толмаған 123 мың бала бар. Ресми мәлімет бойынша, олардың 9 мыңнан астамы жағдайы төмен отбасыларда тұрады.