Астанадағы көкпардан әлем чемпионаты
Чемпионаттың ашылу салтанатын Астана филармониясының өнерпаздары қазақ күйлерін тартумен бастады.
Жарыс алдында көрермендерге қазақтың халық ойыны «Асық атуды» көрсетті.
«Қыз қуу» да болды.
Көрермендер чемпионаттың ашылу салтанатына өз елдерінің ұлттық киімдерімен келді.
Аударыспақ та көрсетілді.
Чемпионатқа Ауғанстан, Қытай, Венгрия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан командалары қатысып жатыр.
Қытай командасының мүшелері толығымен этникалық қазақтар. Олар Әзербайжан командасымен шығуы тиіс болған, бірақ Әзербайжан спортшылары чемпионатқа белгісіз себептермен келе алмай қалып, Қытай көкпаршылары келесі турға автоматты түрде өтті.
Командаларды таныстыру рәсімінде ортаға шыққан Қазақстан спортшылары.
Көкпар федерациясы туы көтерілген кезде жұрт қиқулап кетті.
Көкпардан әлем чемпионатына қатысатын командалар.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қазақ тілінде салтанатты сөз сөйледі.
Көкпар чемпионатына келген АҚШ командасының мүшесі Денни Лэй жарыс алдында аяғын ауыртып алды. Ол енді доданы трибунада өзі келген штаты Вайоминг туын көтеріп отырып тамашалауға мәжбүр.
Чемпионат Моңғолия мен Қырғызстан көкпаршылары тартысымен басталды.
Қырғызстан командасының жанкүйерлері өз командаларының есеп ашқанына қуанып жатыр (Қырғыз көкпаршылары 4:0 есебімен жеңді).
Көкпардан әлем чемпионаты алаңда ғана емес, трибуналарда да жалғасып жатты. Әр елдің көрермендері арасында қақтығыстар шығып отырды. Ипподром дикторлары қызуқанды көрермендерді тәртіпке шақырумен болды.