Бухарестегі әскери зират және мұз үстінде балық аулау

Румыния астанасы Бухарестегі совет сарбаздарының зираты. 26 қаңтар 2019 жыл 

Ауған сарбаздары Кабулдағы әскери жаттығу орталығында дайындалып жатыр
 

"Күшті" атты Пәкістанда тараған ұлттық спорт түрі. Кейбір деректерде оны "пехлвани" деп те атайды. Тарихшылардың пікірінше, "күшті" бірнеше мың жыл бұрын пайда болған. Күресшілер әдетте тастан тазартылған топырақта жаттығып күреседі. Пәкістанның Лахор провинциясы, 28 қаңтар 2019 жыл

Болгариядағы халықаралық фестивальда жануар терісінен тігілген киім киген ер адам 
 

Мұз үстінде балық аулау бойынша XVI әлем чемпионатының қатысушылары Доспат маңындағы "Широкая поляна" бөгетінде жарысуға дайындалып жатыр. Болгария 26 қаңтар 2019 жыл

 

Базарда сарымсақ қаптары тиелген қоларбаны итеріп тұрған жұмысшы. Үндістан, 28 қаңтар 2019 жыл
 

Германияның Боксберг қаласындағы қоңыр көмір жағатын жылу станциясы. Станция маңынан қаз ұшып барады 
 

Тегеранның оңтүстігінен 400 шақырым жерде болған әскери жаттығу

Бухарестің саябағында жүгіріп бара жатқан адам

Үндістанның Ахмадабад қаласында дәстүрлі спорт түрі - маллакхамб бойынша алдағы жарысқа дайындалып жатқан үнді гимнаст