Полицейлер Республика алаңына келген азаматты әкетіп барады.
Мәжіліс сайлауы күні Алматыдағы Республика алаңында полиция 30-дан астам адамды ұстады.
Демократиялық партия құру туралы бастамашыл топ өкілдері сайлау күні Алматыдағы Республика алаңына жиналып, наразылық білдіруге шақырған. Жанболат Мамай жетекшілік ететін топ сайлауды заңсыз деп санайды және жұртты оған қатыспауға, сайлауға бойкот жариялауға шақырды.
Полицейлер Республика алаңынан бір азаматты әкетіп барады.
Полиция жасағы наразылыққа шыққан "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшелерін қоршап тұр. Қоршаудағы бірнеше адам "Парламенттік республика", "Сендер ұрысыңдар" (Вы - воры) деген сияқты плакаттар көтеріп тұр. Полицейлер саны наразы адамдардан әлдеқайда көп.
Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов наразылыққа жиналған жұртты тарауға шақырып тұр.
Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов (оң жақта).
Белсенді Жанболат Мамай бастаған топтың Республика алаңына өтуіне полицияның арнайы жасағы кедергі жасады. Наразылар Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында жасақтың қоршауында қалды.
Полиция "сайлауға бойкот" деп ұрандаған наразылардың бір тобын ұстап, көлікке отырғызып әкетті. Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте де осыған ұқсас ұстаулар болды. Шымкент пен Нұр-Сұлтанда әрқайсысында онға жуық адам ұсталған.
Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай мен "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының жетекшісі Әсем Жәпішева Республика алаңында наразылық білдіріп тұр.
Арнайы жасақ қоршаған тіркелмеген Демократиялық партия жақтастары баннер ұстап тұр. Алматы, 10 қаңтар 2021 жыл.
Орган өкілдері елдің басқа қалаларында да наразыларды ұстады. Полиция Шымкентте наразылық білдірген адамды көлікке отырғызып жатыр.