Қазақстанда қарақалпақ белсенділері жиі қудалана бастады. Бұл нені білдіреді?

Your browser doesn’t support HTML5

2022 жылдың шілде айындағы қақтығысқа ұласқан Нөкістегі наразылықтан кейін Қазақстанда қарақалпақ белсенділерін қудалау жиілей түсті. 3 мамырда Ақтауда белсенді Қуанышбай Қаниязовты саяси үндеуі үшін полиция іздестірген. Онымен түсіндіру жұмысын жүргізуге тырысқан. Жыл басында Алматыда саяси белсенді болғаны үшін тағы бір қарақалпақ азаматы ұсталып, елден шығарылды. Одан бөлек, тағы бес белсенді әлі күнге дейін Қазақстанда уақытша қамауда отыр. Олар Қазақстаннан саяси пана сұрайды. Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасы өкілі Өзбекстан билігі тарапынан да қысым күшейгенін айтады.