1 наурыздағы митингіде тілшілер де ұсталды. ЕҚЫҰ полиция әрекетін сынады

Your browser doesn’t support HTML5

1 наурыз жексенбі күнгі митинг кезінде наразылыққа шыққандардан бөлек бірнеше журналист ұсталды. Кейбірінің кәсіби қызметіне кедергі жасалды. Соңғы күндері митингіден хабар таратуға барған тілшілерді тексеру де күшейген. Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан полициясының бұл әрекетіне алаңдаушылық білдірді.