Алматыда полиция митинг өтеді деп жоспарланған "Астана" алаңына келген адамды ұстап әкетіп барады. Қазақстандағы екі оппозициялық топ - "Демократиялық партия" құруды жоспарлайтын бастамашыл топ пен елде қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ҚДТ) 22 ақпанда билікке қарсы наразылық өткізетіндерін хабарлаған.
Алматыда полиция жоспарланған митингіге келгендердің бірін ұстап жатыр. ҚТД жетекшісі, бұрынғы банкир, шетте тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов митинг орындарын алдын ала белгілеген. ҚДТ Қазақстан сотымен "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған. 2019 жылы Еуропарламент резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.
Алматыда митинг белгіленген жерге келген адамдардың бірі билікке талабын айтып тұр. Қалада сенбі күні күзет күшейді.
Арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Ұсталғандар полиция әкетіп бара жатқанда билікке талаптарын айтып үлгерді. "Астана" алаңында интернет нашарлады.
"Демпартия" бастамашыл тобының жиынына келгендерді ұстап жатыр. 22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай "заңсыз митингіге шақырды" деген айыппен үш тәулікке қамалған. Сенбі күні "Демпартия" жақтастары алаңға келіп, Мамайды босатуды талап етті. Сол жерде полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Полиция Жанболат Мамайдың әйелі, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Инга Иманбайды ұстап, кейін қайта босатты. Осы аптаның басында бастамашыл топ билік "Демпартияның" құрылтай съезін өткізуге кедергі келтіріп жатыр деп мәлімдеген.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап жатыр. Қалада сенбі күні полиция қарасы көбейіп, күзет күшейді. Митинг белгіленген маңда интернет жұмысы баяулады.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп келгендердің артынан еріп келеді. Бұл қалада жүзден астам адам ұсталған.
Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда бұл күні кем дегенде елу адам ұсталған.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ билікке қарсы митингіге келген адамдардың бірін ұстап жатыр.
Арнайы жасақ наразылық белгіленген жерге келгендердің бірін әкетіп барады.
Ақтөбеде Орталық базарға барар тұста полиция кем дегенде он адамды әкетті. Полиция топталып тұрғандарды, дауысы шыға бастағандарды ұстады. Қалада полиция қарасы көбейді.
Ақтөбеде ұсталғандар биліктің отставкасын талап етті.
Ақтөбеде арнайы жасақ ұстағандарды автобусқа салып алып кетті.
Шымкентте наразылық жоспарланған Тәуелсіздік саябағында жиырмадан астам адам ұсталды. Ұсталғандардың бірі полиция мен қарапайым киімдегілер әкетіп бара жатқанда "Шал, кет!", "Назарбаев биліктен кетсін!" деп айғайлады. Кейбір адамдар Тәуелсіздік саябағына әлеуметтік мәселелерді айтуға келгендерін жеткізді.
Шымкентте Тәуелсіздік саябағында полиция күзеті күшейіп, жеке көліктерді өткізбеді. Осы маңда интернет жұмысы нашарлады. Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.