"Ешкім жасырып отырған жоқ". Азаптауға қолданылған үтік жайлы сұраққа министрдің жауабы

Your browser doesn’t support HTML5

5 қаңтарда ішкі істер министрлігі парламентте ұйымдастырған арнайы көрмеге "Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған" қару-жарақ пен полиция пайдаланатын қорғаныс құралдары қойылды. Тілшілер министр Марат Ахметжановтан "Қаңтар кезінде ұсталғандарды азаптауға қолданған үтік қайда?" деп сұрады.

Парламентте Қаңтар оқиғасы бойынша тыңдау өткен 5 қаңтарда ішкі істер министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге "дүрбелең кезінде қолды болған" қару-жарақ пен полиция мен Ұлттық ұлан пайдаланатын қорғаныс құралдары қойылды. Тілшілер ішкі істер министрі Марат Ахметжановтан "Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптауға қолданған үтік қайда?" деп сұрады.