Нұр-Сұлтандағы Құрбан айт

Нұр-Сұлтанда Құрбан айт намазы таңғы 7:00-де басталады деп айтылған. Әзірет Сұлтан мешітіне жұрт бірнеше сағат бұрын ерте келді.

Құлшылық басталар алдында уағыз айтылды. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

Ішкі сыймағандар мешіт ауласына кілем төсеп жайғасты.

Айт намазына жиналған халық. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

Намаздан соң адамдар бір-бірін мерекемен құттықтады. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

Намаз оқылып болған соң мешіт алдында ұлттық ойындар ойнатылды. Соның бірі - қол күрес. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

Арқан тартуға қатысқан командалардың әрқайсысында бес адамнан болды. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

Астанадағы мал базарында қой бағасы 35 мыңнан 100 мыңға дейін саудаланды.

Сөмкеге салынған тірі қой. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

Мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Нұр-Сұлтан, 11 тамыз 2019 жыл.

Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешіті.