Полиция Алматыдағы Панфилов көшесінің бойында адамдардың бірін ұстап, көлікке салып жатыр. Қазақстан соты экстремистік деп таныған ҚДТ қозғалысы билікке қарсы наразылық шарасын осы маңда өткізуге шақырған. Ұсталғандардың арасында билік жүйесіне қарсы наразылық білдіргендер, "саяси тұтқындарды" босатуды талап еткендер және "Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобаларына" қарсы шыққандар болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Алматыда түске таман бірнеше адам "митинг болады" деп алдын ала белгіленген орынға келіп, билікке талап айта бастады. Бірақ полиция қызметкерлері оларға сөзін аяқтатпай, ұстап әкетті. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Әкімдік өкілдері, прокурорлар жұртқа "митингінің заңсыз екенін айтып", тарауды талап етті. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Кейін полиция мен арнайы жасақ адамдарды шетінен ұстай бастады. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Азаттық тілшісі полицияның шамамен 20 адамды ұстап әкеткеніне көрді. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Ұсталғандар арасында билікті сынағандар да болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Полиция әкеткендердің арасында "жай жүрміз", "жұмысқа кетіп бара жатыр едім" дегендер де болды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Арнайы жасақ өкілдері бірнеше адамды күштеп көлікке салды. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Арнайы жасақ өкілдері адамдардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматы, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Нұр-Сұлтанда да полиция "митинг белгіленген аумақ" - Есіл сауда үйінің алдында ондаған адамды ұстады. Ұсталғандардың кейбірінің қолында плакат болды. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Арнайы жасақ "митинг белгіленген жерде" адамдардың бірін ұстап әкетіп барады. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Арнайы жасақ және ұсталған адам. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Арнай жасақ ұсталған адамды автобусқа салып жатыр. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің өкілі "митинг өткізу жайлы ешкімнен өтініш түспегенін, шараның заңсыз екенін ескертіп", жұрттан тарауды сұрады. Полиция оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді ұстап, кейін қайта босатты. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Шымкентте де полиция Ордабасы алаңы маңында бірнеше адамды ұстады. Шымкент, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Белгісіз адамдар оқиға орнынан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісіне қолшатырмен кедергі келтірді. Шымкент, 21 қыркүйек 2019 жыл.
Қазақстан ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда "елде тыйым салынған ұйымның арандатуына ілесіп, митинг өткізбек болған" 57 адамның ұсталғанын, олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.