Қытайда әлемдегі ең ұзын көпір ашылды

Your browser doesn’t support HTML5

Қазанның 23-і күні Гонконгты Қытаймен жалғайтын 55 шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын көпір ашылды. Бұл көпірді салу үшін құрылысшылар 8 жыл уақыт жұмсаған. Жобаның құны – 20 миллиард доллар. Қытай мен Гонконг билігі көпірді салу кезінде оннан астам жұмысшының қаза тапқанын хабарлаған. Көпірмен тек автобустар мен коммерциялық көліктер жүреді. Жергілікті таксилердің жүруіне тыйым салынған.