Арыстағы жарылыс зардабын жою

Оқ-дәрі қоймасы жарылған әскери бөлімнен шамамен 100 метр жерде орналасқан 8 пәтерлі үй өртенген. Қазақстан төтенше жағдай комитетінің есебінше, Арыста 70 үй толығымен қираған.

Бетон қабырғаның арғы беті әскери бөлім. Арыс тұрғындары жарылыс осы әскери бөлім аумағынан шыққанын айтады.

Жарылыс болған қоймадан бір километр қашықтағы тұрғын үйлердің шатыры қирап, қабырғасының сылағы түскен. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Арыстағы үйлердің 85 пайызының есік-терезесі сынып, шатыры бүлінген.

Арыс қаласының сыртында, оқ-дәрі қоймасынан шамамен бір километр қашықта жатқан әскери снаряд. Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Арыстағы оқ-дәрі қоймасынан шамамен бір километр қашықта жатқан снаряд. Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Оқ-дәрі қоймасы бар әскери бөлім жанындағы өртенген ағаш. Арыс, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Үйдің төбесін тесіп, еден астына өтіп қадалған снарядты саперлардың қалай қазып алғанын Азаттық тілшісі көрді. Әуелі снарядтың айналасын екі метрге жуық терең етіп қазған саперлар оны еппен суырып алды. Арыс, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Үй ішіне түскен снарядты үш сапер бірге суырып жатыр.

Еден астындағы, жан-жағын саперлар қазған снаряд. Әскерилердің сөзінше, бұл - дүркіндетіп ататын реактивті әскери қарудың снаряды.

Оқ-дәрі қоймасы жарылғанда үйдің төбесін тесіп, ішіне түскен снарядты қазып алған саперлар оны сыртқа әкетіп барады. Арыс, Түркістан, 29 маусым 2019 жыл.

Саперлар үйге түскен снарядты қазып алып, сыртқа шығарды. Арыс, Түркістан, 29 маусым 2019 жыл.

Есік алдында жатқан снаряд жарықшағы. Арыс, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Арыста жарылыс болған әскери қоймадан бір километр қашықтағы тұрғын үйлер.

Үй алдындағы үйілген құмда екі оқ көрінеді. Арыс, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Әскери қоймадағы жарылыстан кейін тұрғын үй алдында жатқан оқ. Арыс, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Әскери қоймадағы жарылыстан бүлінген үйдің шатырын бұзып жатқан адамдар. Арыс қаласы, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Жарылыс болған әскери қоймадан бір километр қашықтағы тұрғын үйлер. Арыс қаласы, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.