Семей полигонындағы сынақтар басталған күн
Семей полигонындағы алғашқы атом қаруы сынағы. 29 тамыз 1949 жыл.
Семей полигонындағы сынақтан кейін пайда болған "Атом көлі".
Семей полигоны аймағында туған адамдардың бірі - Уәлихан Серікқалиев. Семей, 2009 жыл.
Семей полигонындағы бұрынғы сынақ алаңдары. 18 маусым 2009 жыл.
Полигон аймағында туған қолы жоқ суретші және белсенді Кәріпбек Күйіков.
Атом қаруы сыналған маңдағы радиация деңгейі әлі қауіпті. 22 тамыз 2011 жыл.
Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында тұратын 35 жастағы Берік Сыздықов – 1991 жылы тамыздың 29-ында жабылған Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардабынан мүгедекке айналған адамдардың бірі. Қас пен қабақ терісі ісіп, өсіп кеткендіктен екі көзі мүлдем көрмей қалған Берікке «нейро-фибролипоматоз» деген диагноз қойылған.
2000 жылы 29 шілде күні Семей полигонында соңғы сынақ жасалып, осы аймақтағы СССР-дің ядролық сынақтар инфрақұрылымы жойылды.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Семей полигоны музейінде, ядролық сынақтарды басқару пунктінде тұр. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов, 6 сәуір 2010 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы маусымның 25-і күні Шығыс Қазақстан облысына барған сапарында "бір жарым миллион гектары бар бұрынғы полигон аумағында радиация жоқ екенін, ондағы жердің жарамды екенін" айтты. Экологтардың кейбірі ол пікірмен келіспейді. Суретте: Президент Назарбаев Семей полигоны жарылысы құрбандары ескерткіші алдында тұр. 18 маусым 2009 жыл.
Семей полигоны құрбандарына қойылатын ескерткіштің белгісі. Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, 29 шілде 2009 жыл.